Бокс

Ковалев пен Альварестің қарашадағы жекпе-жектен алатын табыстары белгілі болды

Ковалев пен Альварестің қарашадағы жекпе-жектен алатын табыстары белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) 2 қараша күні Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында жұдырықтасатын боксышылардың сыйақылары көлемін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe.com порталына сілтеме жасап

Бокс кешінің негізгі кездесуі ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес арасында өтеді. Бәске жартылай ауыр салмақ бойынша WBO чемпиондық атағы қойылады.

Ковалев 3 миллион доллар алса, Альварес 35 миллион долларға ие болмақ.

Ковалев – Альварес кездесуінің андеркардында Кристиан Оливаспен жұдырықтасатын қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов 12,5 мың АҚШ долларына ие болса, қарсыласы 12 мың алатын көрінеді. Қос боксшы WBC (USNBC) тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы атағына таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер