Басқа

Ақтоты Райымқұлова: 5,5 млн қазақстандық дене шынықтырумен айналысады

Ақтоты Райымқұлова: 5,5 млн қазақстандық дене шынықтырумен айналысады
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Кеңеске ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық Олимпиада комитетінің спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, Ұлттық Паралимпиада комитеттің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов, сондай-ақ, спорт федерацияларының өкілдері мен ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары қатысты.

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, елімізде 38 мың спорт ғимараты бар, оның ішінде 27 мыңы ‒ білім беру нысандары, 11 мыңы ‒ спорт нысандары. Статистикаға сәйкес, 5,5 млн қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады.

Министр бұқаралық спортты дамытуға кедергі келтіретін мәселелердің қатарында нұсқаушылар мен әдіскерлердің жетіспейтіндігіне тоқталды. Әсіресе, Ақмола облысында мамандар жетіспейді.

«Спорттық құрал-жабдықтармен жарақтандыруды да жақсарту артық етпейді. Біздің мәліметтеріміз бойынша мектептердің тек 66%-ы ғана арнайы спорттық жабдықтармен жарақтандырылған», — деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер