Бокс

Сауль Альварес: Ломаченко мен Кроуфорд емес, «Канело» - ең үздік боксшы

Сауль Альварес: Ломаченко мен Кроуфорд емес, «Канело» - ең үздік боксшы
news-banner7
mobile-news-top

Боксшылардың салмақ дәрежелерінен тыс, формальді емес рейтингі бойынша украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теренс Кроуфорд топ бастап тұр, деп жазады Prosports.kz.

Ал Мексика былғары қолғап шебері Сауль Альварес TOP-3 тізіміне енді, алайда өзін ең үздікпін деп санайды.

«Мен олардан үздікпін. Мен өз жұмысымды өте жақсы атқарып жүрмін, мына бір рейтингке бола ұйқы көрмей кеттім дей алмаймын. Ол да біреулердің жасап жүргені ғой, бәлкім өздерінің жақсы көретін спортшылары бар шығар. Мені ол жерде ұната қоймауы және №1 етпеуі мүмкін».

«Мен спорттық мәнсабымда өзімді үнемі №1 боксшымын деп ойлаймын. Тіпті дәл осы пайымым осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерімнің бастауы іспеттес. 1-орынға сенің бокс тарихың мен боксшы резюмең ғана шығарады», дейді Альварес.

Еске сала кетелік, Альварес 2 қараша күні ресейлік Сергей Ковалевпен жұдырықтасады.

Түпнұсқасы: sport.ua Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер