Басқа

Елорданың спорт нысандары астаналықтар үшін қаншалықты қолжетімді?

Елорданың спорт нысандары астаналықтар үшін қаншалықты қолжетімді?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанның 11 балалар мен жасөспірімдеріне арналған спорт мектептерінде 49 спорт түрінен секция бар, оның қызметін 9300 адам тегін пайдаланады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бірқатар спорт нысандарында халықтың спортпен жайлы және кедергісіз жаттығуы үшін жағдай жасалған.

Мәселен, «Алау» мұз айдынында жаттығу залы пен мұз аренасында жаппай сырғанау қызметі ұсынылады. Соңғысына студенттер, оқушылар, зейнеткерлер, бірінші санаттағы мүгедектер үшін 50% жеңілдік бар. 7 жасқа дейінгі балаларға және көпбалалы отбасылардың балалары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ІІ, ІІІ санаттағы мүгедектер тегін қатыса алады.

«Дәулет» спорт кешенінде 5-тен 14 жасқа дейінгі 620 бала айналысады, оның 255-і тегін, ал 365-і ақылы түрде қатысады. 12 жаттығудың ақысы 13 500 теңгені құрайды.

Бұған қоса, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына 50 пайыз жеңілдік бар.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі шеңберінде Паралимпиадалық жаттығу орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Жаттығу пара йога, үстел теннисі, пара каратэ, пара таэквандо, арбамен билеу, пара бадминтон, пара пауэрлифтинг, пара аэробика, отырып волейбол ойнаудан өтеді.

Сондай-ақ «Тарлан» спорт кешенінде жұмыс күндері сағат 13.00 мен 15.00 аралығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін сырғанау ұйымдастырылады, коньки тегін беріледі. Қайтарымсыз негізде слеш-хоккей мен сурдо-хоккейден жаттығу жүргізіледі.

Кешкісін жаттығысы келген азаматтар Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионның жүгіруге арналған жолын тегін пайдалана алады.

Түпнұсқасы: astana.gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер