PROспорт-блог
Футбол

«Аршавин — ауру». Барановская «Қайраттың» экс-ойыншысы туралы

«Аршавин — ауру». Барановская «Қайраттың» экс-ойыншысы туралы
news-banner7
mobile-news-top

Андрей Аршавиннің бұрынғы әйелі Юлия Барановская футболшының балаларымен араласпайтынын айтты, деп хабарлайды Prospоrts.kz сайты.

«Балаларға өтірік айтпау - өте маңызды. Мен оларға барынша шынымды айттым. Өзінің перзентімен сөйлеспейтін, араласпайтын адамды ауру деп санаймын. Оларға балаларының қалай өсіп жатқаны, не ішіп, не жегені бәрібір.

Мен балаларыма әкесінің араласпай қоюына олар кінәлі емес екенін айтып келдім. Әкелерінде қиын кезең өтіп жатқанын, оларды жақсы көретінін үнемі сездіріп келемін.

Әрине, өз перзентін жек көруге болмайды. Ол өз балаларын жақсы көргенін де білем. Андрей Сергейұлында жоқ жалғыз нәрсе, бұл - жауапкершілік. Болды»,– деді Барановская.

Естеріңізге сала кетейік, Барановская мен Аршавин азаматтық некеде 9 жыл тұрды. Олардың үш баласы бар: ұлдары Артем, Арсений және қызы Яна. Барановскаямен ажырасқаннан кейін Аршавин Алиса Казьминамен ресми некеде тұрды. 2017 жылы Андрей мен Алисаның қызы Есения дүниеге келді. Қазіргі таңда Андрей Алисамен де ажырасып кеткен.

Түпнұсқасы: Eurosport.ru Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер