русский язык

Азиада-2014. Суда жүзу. Жүзушілеріміз жарап тұр. Бір алтын, бір күміс

Азиада-2014. Суда жүзу. Жүзушілеріміз жарап тұр. Бір алтын, бір күміс

Қазақстандық суға жүзушілер Екатерина Руденко мен Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында екінші мәрте жүлдегерлер тұғырына көтерілді.

Баландин суға жүзуден осыған дейін алтыннан алқа тағынған болатын. Осы жолы да Азия құрлығында өзінің теңдесі жоқ екендігін дәлелдеп, екі дүркін жеңмпаз атанды.

Екатерина Руденко 100 метр қашықтықта арқамен жүзуден күміс медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 1:00.61.

Еске сала кетейік, кеше Екатерина Руденко 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуден Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;