русский язык
Футбол

Қазақстан Кубогының алғашқы финалисі анықталды

Қазақстан Кубогының алғашқы финалисі анықталды

Қазақстан Кубогының жартылай финалында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Шахтерді» жеңді.

Қарағандылықтардың бірінші таймда есеп ашатын мүмкіндігі болған. Андрей Финонченко ұрымтал сәттің бірінде бос қақпаны дәл көздей алмады. Екінші таймда алматылықтар қарқынын үдетіп, алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Алдымен Исаэль 80 минутта өз мүмкіндігін мүлт кетірмесе, бес минут өтісімен Кислицын екінші голды соқты.

 

Қазақстан Кубогы. Жартылай финал. Қарымта кездесу

«Шахтер» (Қарағанды )- «Қайрат» (Алматы) 0:2 (0:0)

Голдар: Исаэль 80, Кислицын 85.

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Джидич, Киров (Мурзоев 77), Қонысбаев, Вичюс (Саломов 69), Покривач, Финонченко (к), Мұртазаев (Бауыржан 60), Топчагич. 

«Кайрат»: Хомич, Гурман, Кислицын, Маркович, Плиев, Смақов (к), Бакаев, Дарабаев (Лунин 69), Исаэль (Риера 87), Исламхан (Едигарян 85), Гоу. 

24 қыркүйек 2014 жыл. Қарағанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;