Қысқы

Жарақатынан айыққан Абзал Әжғалиев Қазақстан құрамасын қосылды

Жарақатынан айыққан Абзал Әжғалиев Қазақстан құрамасын қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев жарақатынан айықты.

Өткен маусымда АҚШ-та өткен әлем кубогына Қазақстан құрамасы виза ала алмауына байланысты қатыспады. Ал биыл маусымды Солт-Лейк-Сити қаласында бастап, одан кейін Монреаль, Жапония және Қытайдағы турнирлерге қатысамыз. Осы жолы құрамаға өткен маусымда жарақатына байланысты жарыстарға қатыса алмаған Абзал Әжғалиев қосылды, - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғәли Қарсыбеков.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін 2019/2020 жылғы маусымның алғашқы жарысы 1 қараша күні басталатын Солт-Лейк-Ситидегі (АҚШ) әлем Кубогы болмақ.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер