Басқа

Таэквондодан Шымкентте өткен Азия біріншілігі үлкен жанжалмен аяқталды

Таэквондодан Шымкентте өткен Азия біріншілігі үлкен жанжалмен аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Таэквондодан балалар мен жасөспірімдер арасында Шымкентте өткен Азияның ашық біріншілігі үлкен жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты КТК теларнасына сілтеме жасап.

Жарысқа кедергі келтіруге қала билігі барын салды дейді ұйымдастырушылар. Келіскен спорт залдарынан қуып, тіпті Шымкенттен кетпесеңдер, бұзақы жігіттермен келіп түгел таяқтың астына аламыз деп қорқытыпты. Екі күн ішінде бірнеше зал ауыстырып, берекесі кеткен 400 бала мен олардың ата-аналары шымкенттік шенеуніктерге шара қолдануын талап етуде.

Таэквондодан жарысқа келген спортшылар жан-жақтан жиналған. Ұлттық таэквондо ITF спорт федерациясының шақыруымен Қазақстанның әр облысынан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан 400 қатысушы келіпті. Бірақ жарыс басталарға жарты күн қалғанда шымкенттік шенеуніктер сайысқа еш себепсіз тыйым салып, қысым көрсете бастаған.

Айдос Аманжолов, Таэквондо ITF спорт федерациясының президенті:

- Осы айдың басында Елордадағы спорт комитетінен бастап, Шымкент әкімі мен жергілікті спорт басқармасына қазанның 26-27 күндері жарыс ұйымдастырамыз деп ескерткенбіз. Шенеуніктер «қарсы емеспіз» деген соң, осындай спорттық шараға арналған залды да дайындадық. Жарыс басталарға санаулы сағаттар қалғанда бізді залдан қуып шықты. Не үшін десек, спорт басқармасының басшылары рұқсат бермеді деп айтады. Сөйтіп жарыс күні біз басқа зал іздеуге мәжбүр болдық. Ұйымдастырушылар сандалып жүріп орта мектептің спорт залымен келіседі. Сайыс енді қыза бергенде «жоғарыдан қоңырау шалынды» деп ол жерден де қуылыпты. Екі күндік жарыстың бір күнін қала шарлап зал іздеумен өткізгендер тіпті «қылмыстық топтардан қысым көрдік» дейді.

Түркістан облыстық таэквондо федерациясының президенті Айдын Қамытбаев Шымкенттегі спорт залы бар бүкіл мекемелерге «біздің жарыстың өтуіне кім себепкер болса, соның басында қиыншылық болады» деп хат жазған екен. Одан соң, жекпе-жек қауымдастығы басшысының орынбасары Рустам Айтов деген біздің бапкерлерге келіп: «Егер жарысты доғармасаңдар, біз жігіттерімізбен келіп таяқтың астына аламыз» деп қорқытып кетті.

Әзер табылған зал үлкен жарысқа арналмаған. Не көрермендерге арналған орын жоқ, киінетін жер мен тынығатын орын бір жерде. Бірі тамақтанып жатса, екіншілері сол жерде-ақ жаттығып жатыр. Тіпті медицина қызметкерлерін де жалдап шақырыпты.

Түпнұсқасы: ktk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер