Әлем футболы

Corriere dello Sport: «Алтын допқа» Роналду ие болады

Corriere dello Sport: «Алтын допқа» Роналду ие болады
news-banner7
mobile-news-top

Италиялық журналистер 2019 жылғы «Алтын допқа» «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду ие болады, деп топшылайды. Corriere dello Sport басылымы үздік футболшыға аталмыш жүлдені табыстаушы France Football журналының өкілдері португалиялықтан сұхбат алғаннан кейін, осындай қорытындыға келіп отыр, деп жазады Prosports.kz.

Сондай-ақ франциялықтар «Ювентустің» спорттық директоры Фабио Паратичимен де кездескен.

Ал beIN Sports журналисі Танкреди Палмери мұның бос қауесет екенін айтады. Палмеридің айтуынша, әлемнің үздік футболшысы кім болатыны әлі белгісіз.

«Алтын доп»үміткерлерінің лонг-парақшасына 30 футболшы енгізілген. Жеңімпаздың есімі 2 желтоқсан күні Париждегі Шатле театрында белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер