Әлем футболы

Роналду: Тек маңызды матчтарда ойнауды армандаймын

Роналду: Тек маңызды матчтарда ойнауды армандаймын
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзіне қысым жасалғанда ойнағанды жақсы көретінін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер бәрі менің қолымда болса,онда тек маңызды матчтарға ғана қатысар едім. Мәселен тек Португалия құрамасы сапында және Чемпиондар лигасында ойнар едім. Дәл осындай ойындар мені ерекше жігерлендіреді, себебі бәске көп нәрсе тігіледі. Мен қиын матчтар мен қысым жасалғанда ойнағанды жақсы көремін. Ол үшін кәсіпқой ойыншы болуың, отбасың мен клубыңды құрметтеуің керек», деді Роналду France Football басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, Роналду 2018 жылы Мадридтің «Реалынан «Ювентуске» ауысқан болатын. Шабуылшы осы маусымда А сериясында 7 ойын өткізіп, 4 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер