русский язык
Футбол

Маттео Трефолони: «Кучиннің Еуропа Лигасында төрелік еткені ұнады»

Маттео Трефолони: «Кучиннің Еуропа Лигасында төрелік еткені ұнады»

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілер және инспекторлар департаментінің басшысы Маттео Трефолони қазақстандық қазы Артем Кучиннің Еуропа Лигасында алғаш рет төрелік еткені жайлы пікірін айтты.


— Маттео, бірінші ретте өткен аптадағы оқиғаға байланысты сіздің пікіріңізді білсек деп едік. Тұңғыш рет қазақстандық арбитрлар алқасы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі ойынына төрелік етті... 
— Жалпы, бұл ойынның төрелігі өте жоғары дәрежеде өтті деп айтар едім. Әбден көңілім толды. УЕФА тарапынан да төрешілердің жұмысы өте жоғары бағаланды. Тек, бас төрешілінің емес, қапталдағы төрешілер мен резервтегі арбитрдің де жұмыстарына жақсы баға берілді. Маған Кучиннің осы ойынға қалай төрелік еткені ұнады. Ал ең бастысы матчтағы УЕФА инспекторы да қазақстандықтардың жұмысы туралы өте жақсы пікір білдірді.

— Еуропа лигасының топтық кезеңі енді ғана басталып жатыр. Қазақстандық төрешілер алдағы уақытта да Еуропа лигасының ойындарына төрелік етуге мүмкіндік ала ала ма?
— Қазіргі таңда біздің күтуден басқа амалым жоқ. Тағы айтамын, біздің басты мақсатымыз - жұмыс істеп, өзіміздің ең жақсы қырларымызды көрсете беру. Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі ойынында қазақстандық төрешінің қызмет атқаруы арқылы біз өзіміздің нақты әлеуетімізді бағамдай алдық. Енді әрі қарай УЕФА төрешілер комитеті шешім қабылдайтын болады. Сонда көреміз, биыл қазақстандық төрешілерге Еуропа лигасының ойындары тағы да сеніп тапсырыла ма, жоқ па?

— Қалай ойлайсыз, неліктен таңдау Артем Кучинге түсті?
— Артем Кучин — халықаралық жолын бастаған төреші. Бұл ол үшін өзіндік емтихан іспеттес болды, әрі керемет тәжірибе. Өзінің міндетін керемет атқарып, өзін көрсете білді. Дәл қазіргі таңда ол өз ісінің хас шебері, үздіктердің бірегейі дер едім.

Ақпарат футбол федерациясының ресми сайтынан алынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;