Әлем футболы

Tuttosport: «Ювентус» Мбаппе үшін 380 млн еуро беруге дайын

Tuttosport: «Ювентус» Мбаппе үшін 380 млн еуро беруге дайын
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» франциялық шабуылшы Килиан Мбаппені қатарға қосқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Tuttosport порталының мәліметі бойынша, туриндік клуб футболшы үшін 380 млн еуро беруге дайын екен.

Жақында ПСЖ форвардқа жалақысы 50 млн еуро болатын бес жылдық келісімшарт ұсынған болатын. Алайда Мбаппе ұсыныстан бас тартты.

Бұған дейін Мбаппенің «Реал» сапына 2020 жылы ауысатынын жазған болатынбыз.

«Корольдік клуб» президенті Флорентино Перес футболшы үшін 230 млн еуро төлеуге дайын болған. Алайда ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи шабуылшыны сатудан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер