Қазақстан құрамасы Румынияға қарсы ойында қайсарлық танытты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі аясында Румынияға қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Румынияның Пьятра-Нямц қаласында өткен матч 4:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.
Қазақстан сапынан Тайнан хет-трик авторы атанды. Біржан Оразов та бір мәрте мергендік танытты.
Айта кету керек, матчтың 4-ші минутына дейін Кака шәкірттері өз қақпаларына жауапсыз екі доп жіберіп алған болатын.
Үш ойында 9 ұпай жинаған жерлестеріміз топта бірінші орынға ие болды.
Қазақстан - Румыния - 4:2 (1:2)
Голдар: Тайнан 6, 30, 40, Біржан Оразов 30 - Савио Валадарес 1, Мариуш Матей 4