Футзал

Қазақстан құрамасы Румынияға қарсы ойында қайсарлық танытты

Қазақстан құрамасы Румынияға қарсы ойында қайсарлық танытты
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі аясында Румынияға қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Румынияның Пьятра-Нямц қаласында өткен матч 4:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Қазақстан сапынан Тайнан хет-трик авторы атанды. Біржан Оразов та бір мәрте мергендік танытты.

Айта кету керек, матчтың 4-ші минутына дейін Кака шәкірттері өз қақпаларына жауапсыз екі доп жіберіп алған болатын.

Үш ойында 9 ұпай жинаған жерлестеріміз топта бірінші орынға ие болды.

Қазақстан - Румыния - 4:2 (1:2)

Голдар: Тайнан 6, 30, 40, Біржан Оразов 30 - Савио Валадарес 1, Мариуш Матей 4

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер