Бахтиер Зайнутдинов «Ростов» сапында нәтижелі пасымен көзге түсті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызРесей чемпионатының 14-ші турында қазақстандық футболшы өнер көрсететін «Ростов» өз алаңында «Сочиді» қабылдады.
«Сочи» қатарында да қазақстандық футболшы Акмаль Бахтияров доп тебеді. Акмаль алаңға 87-ші минутта ғана шықты.
Зайнутдинов 63-ші минутта Хорен Байрамянды алмастырды. Командасының екінші голды соғуына көмектесті. Роман Еременконы нәтижелі паспен қамтамасыз етті.
Кездесу 2:0 есебімен аяқталды.
14-ші турдан кейін «Ростов» турнир кестесінде үшінші орында тұр.