Ауыр атлетика

Бекболат Рахат Азия чемпионатында топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Кореяның Пхеньян қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Бекболат Рахат елімізге осы кезекті Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді алып берді.

Рахат қоссайыстың қорытындысы бойынша 352 келіні (156+196) бағындырды. Сондай-ақ, 15 жастағы спортшы серпе көтеруден жаңа әлем рекордын орнатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер