ММА

МакГрегор сүйікті футболшысы кім екенін айтты

МакГрегор сүйікті футболшысы кім екенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Атышулы Конор МакГрегор өзінің жақсы көретін футболшысын айтты, деп жазады Prosports.kz.

МакГрегордың футболдағы кумирі «Арсенал» қорғаушысы Киран Тирни болып шықты.

- Киран Тирни атты жас жігіт бар. Ол «Селтиктің» капитаны болған, жақында «Арсеналмен» келісімшартқа отырды. Ол көп жылдар бойы маған жанкүйер болған, мені қолдап жүретін. Ал қазір өзі де өсті. Киран - тамаша футболшы, біз екеуміз көп сөйлесеміз, өте жақсы жігіт. Қазір мен оның жанкүйерімін, - деді МакГрегор Мәскеуге барған сапарында.

22 жастағы шотландиялық футболшы да қарап қалмай, Twitter желісіндегі парақшасына МакГрегорды мақтап, оның айтқан сөзіне жауап берді.

- Көп рахмет, бауырым! Мен сені үлгі тұтамын, мен үшін батырсың. Сенен көп нәрсе білдім! Патша, - деп жазды Тирни.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер