Бокс

Садриддин Ахмедов мексикалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Садриддин Ахмедов мексикалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Канаданың Квебек қаласында орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) 31 жастағы мексикалық Джонни Навареттемен (33-15-2, 15 КО) қолғап түйістірді, деп жазады Prosports.kz.

Садриддин алғашқы раундтан-ақ қарсыласын ауыр соққыларымен сабай жөнелді. Мексикалық боксшы да міз бақпаған қалпында жекпе-жекті жалғастыра берген. Алғашқы кезеңде Наваретте де былай қарасаңыз бірнеше дөп соққы жұмсап үлгерді.

Екінші раундта қос қарсылас көбірек аңдысқан. Уақыт өткен сайын басымдықты күшейте берген қазақстандық рингте өзін тым еркін ұстады. Аяқпен, алыс-жақын қашықтықта сауатты жұмыс істеген Садриддиннің жеңісіне еш күмән жоқ еді.

Ал жетінші раундқа сүйретіле жеткен Наваретте жекпе-жектен бас тартты. Онысы орынды да еді. Ахмедовтың құлаштай сермеген соққылары Джонниді есеңгіреткені анық.

Садриддин Ахмедов осылайша кәсіпқой рингте 10 кездесу өткізіп, соның бәрінде жеңіске қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер