Әлем футболы

BeNeLiga: Бельгия мен Нидерланд чемпионаттары біріге ме

BeNeLiga: Бельгия мен Нидерланд чемпионаттары біріге ме
news-banner7
mobile-news-top

Нидерланд пен Бельгия елдерінің мамандары футболдан ұлттық чемпионаттарын біріктіру жайында келіссөздер жүргізіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа біріккен чемпионат BeNeLiga деп аталуы мүмкін. Алғашқы кезеңде біріккен турнирдің әлеуеті зерттеліп мақұлданды, сол үшін техникалық-экономикалық негіздемесі жайлы екінші кезеңді бастау туралы шешім қабылданды.

Биыл, 2019 жылдың жазында аталмыш лиганы құру жөнінде дөңгелек үстел өткізіліп, Бельгияның бес клубы («Гент», «Брюгге», «Генк», «Андерлехт», «Стандард») және Нидерландтың алты клубының («Аякс», «АЗ Алкмар», «Утрехт», «Фейеноорд», ПСВ, «Витесс») өкілдері қатысты.

Мұндай біріккен біріншілік Еуропраның ірі бес лигасынан (Англия, Италия, Испания, Германия, Франция) қалмаудың тиімді әдісіне айналмақ. Қазіргі кезде Бельгия мен Нидерландта орта деңгейдегі екі чемпионат бар, бұл екеуі қосылса 6-ншы ТОР-чемпионатқа айналады деп топшылайды мамандар.

Қатысушы клубтар BeNeLiga біріншілігінің теориялық қосымша құнына байланысты техникалық-экономикалық негіздемесі туралы ойластырып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер