Бокс

«Канелоның» командасы Головкинмен немесе Бетербиевпен кездескілері келетінін жасырмайды

«Канелоның» командасы Головкинмен немесе Бетербиевпен кездескілері келетінін жасырмайды
news-banner7
mobile-news-top

WBC және WBA Super тұжырымдарының әлем чемпионы Сауль Альварес 2020 жылы Геннадий Головкинмен үшінші кездесуін немесе IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Артур Бетербиевпен жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. Boxing24.com сайтына сілтеме жасап.

«Сауль «Канело» Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо 2020 жылы мексикалық боксшымен қолғап түйістіруі мүмкін бірнеше үміткердің тізімін атады. Ол Геннадий Головкиннің есіміне қоса, Джермелл Чарло және Билли Джо Сондерсті де айта кеткен. Олардан бөлек, Альварестің Артур Бетербиевпен кездесуге де кетәрі емес», деп келтіреді Boxing24 «Канелоның» командасындағы дереккөздің айтқанына сүйеніп.

Айта кетелік, Сауль Альварес 2019 жылдың 2 қарашасында жартылай ауыр салмақтағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Месикалық былғары қолғап шебері бұл дивизионда WBO тұжырымының әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевпен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер