русский язык

Азиада-2014. Жүзушілеріміз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

Азиада-2014. Жүзушілеріміз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

Инчхондағы Азиада додасында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Бұл жолы жүлдегерлер мінберінен Екатерина Руденко көрінді. Ол 50 метр қашықтықта суда жүзіп, 28,04 секунд уақытты көрсетті. Сөйтіп, жалпы есепте алдына тек қытайлық Фу Юаньюді жіберді.

Ал Дмитрий Баландин 200 метр брасспен жүзуде Азия ойындарының рекордын орнатты – 2 минут7,67 секунд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;