Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam жарысында топ жарды.
Турнирдің финалында қазақстандық Ғұсман франциялық Валиде Хярді жеңіп кетті.
Айта кетейік, қола үшін белдесуде Елдос Сметов қарсыласына есе жіберіп, жүлдесіз қалған болатын.