Басқа

Ермек Айназаров: Каратеден бес дүркін әлем чемпионын да жеңуге болады

Ермек Айназаров: Каратеден бес дүркін әлем чемпионын да жеңуге болады
news-banner7
mobile-news-top

Каратеден Қазақстан командасының мүшесі Ермек Айназаров Мәскеуде өткен Премьер-лига турнирінде күміс жүлдегер атанды. Қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан ол финалда бес дүркін әлем чемпионы Рафаель Агаевтан 1 ұпай айырмашылығымен ұтылған болатын. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы Токио Олимпиадасына жолдама алу үшін аянып қалмайтынын айтты.

«Биылғы маусымда жеңіс те, жеңіліс те қатар келуде. Премьер-лига турнирлеріне алты рет қатысып, бесеуін сәтсіз аяқтадым. Мәскеудегі додада финалға шығып, A сериясы аясындағы жарыста қола жүлдегер атандым. Олимпиадалық рейтингте 15-ші сатыдамын. Ай соңындағы рейтингте үздік ондыққа кіретінім анық. Әрине, каратенің Олимпиада бағдарламасына енгені бізді қатты қуантты. Бүгінде рейтингте алғашқы төрт орында тұрған спортшылар Токио ойындарына тікелей жолдама алады. Ал соңғы лицензиялық турнир мамыр айында Францияның Париж қаласында өтеді. Олимпиадаға жолдама алу үшін барымды саламын», - дейді Ермек.

Ермек Айназаров каратемен 10 жасынан бері шұғылданып келеді. Ол бірнеше мәрте Азия чемпионатының жүлдегері атанып, 2015 жылы құрлық додасына топ жарған.

«Мәскеудегі турнирде бабымда болдым. Алтын аламын деген үмітім басым болған. Финалда Рафаель Агаевтен бір ұпай айырмашылығымен ұтылдым. Мұнда ара-қашықтықты дұрыс сақтамай, жеңілдім деп ойлаймын. Дегенмен, бес дүркін чемпиондарды да ұтуға болады. Әлемде менің салмағымда мықты спортшылар көп. Тәжірибеміз мен дайындығымыздың арқасында жеңіске жетемін деп ойлаймын», - дейді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер