русский язык
Теннис

Азиада. Теннис. Қазақстандық қыздар қола медаль жеңіп алды

Азиада. Теннис. Қазақстандық қыздар қола медаль жеңіп алды

Инчхондағы Азия ойындарында теннис турнирінің жартылай финалында Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайлық Тайпейге жол беріп, қола медальді місе тұтты.

Кортқа бірінші болып Чань Юн Цзян мен Юлия Путинцева шықты. Кездесуде тайвандық теннисшінің айы оңынан туды – 6:4, 6:1.

Келесі кездесуде Ярослава Шведова таразы басын теңестіре алды. Ол Сиэ Су Вэйді екі сетте жеңді – 6:3, 7:6 (7:4).

Алайда жұптық матчта Путинцева мен Шведова Чан және Сиэ дуэтіне қарсы ештеңе істей алмады – 0:6, 2:6.

Енді алтын жүлдені Қытайлық Тайпей мен Қытай құрамалары 24 қыркүйекте сарапқа салады. Қазақстандықтармен қатар, қоланы жапон қыздары да жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында Азиаданың жүлдегері боп Кәмила Керімбаева, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова атанды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;