Бокс

Ковалев - Альварес жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды

Ковалев - Альварес жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Невада штатының атлетикалық комиссиясы WBO тұжырымының әлем чемпионы Сергей Ковалев пен мексикалық әлем чемпионы Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің рефериі мен төрешілер алқасы мүшелерінің есімдерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe.com порталына сілтеме жасап.

2 қараша күні MGM Grand кешеніндегі басты кездесудің рефериі Рассел Мор 22,5 жылда 543 жекпе-жекке төрелік еткен. Ал боксшыларды ұпай бойынша бағалайтын мамандар мыналар: Джулия Ледерман (Нью-Йорк штаты, 644 жекпе-жек); Дейв Моретти (Невада штаты, 1177); Дон Трелла (Коннектикут штаты, 848).

Еске сала кетелік, Сауль Альварес 2020 жылы IBO және IBF белбеулерінің иесі, қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер