Әлем футболы

Арне Слот: «Астананың» Еуропа Лигасындағы тәжірибесі өте мол

Арне Слот: «Астананың» Еуропа Лигасындағы тәжірибесі өте мол
news-banner7
mobile-news-top
«Астана» УЕФА Еуропа Лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясында сырт алаңда «АЗ Алкмаарға» қарсы кездесу өткізеді. Осы ойын алдында қарсылас команда бас бапкері Арне Слоттың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Сіздер үш апта бұрын «Манчестерден» ұпай алғаннан кейін, бірнеше ойынды сәтсіз өткіздіңіздер. «Астанаға» қарсы кездесу алдындағы көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Біз «Манчестерға» қарсы өте жақсы ойын өткіздік. Артынша құрама командаларға байланысты үзіліс орын алып, өз ойынымызды жоғалтып алдық. Бізге турнирлік кестеде көтерілу үшін, әр кездесуде жақсы ойын көрсету қажет. Одан бөлек, стандарттық жағдайларда сауатты ойын көрсетуіміз керек. «Астана» өткен жексенбі күні «Қайратты» жеңді. Сол кездесуде соғылған үш голдың бірін, қарсылас команда стандарттық жағдайдан соқты. Сондықтан, біз өз бұрыштамамыздың аймағында сенімді ойнауымыз қажет. Негізі біздің ойынымыз жақсы, алайда, стандарттық жағдайларға ерекше мән беруіміз қажет. Себебі, стандарттық сәттердегі сенімді ойын, нәтиже алып келері анық.

- МЮ-ға қарсы кездесуде жеңіске жететін мүмкіндіктеріңіз болды. Ал ертеңгі ойында міндетті түрде жеңіс қажет. Осы ойындар алдында команданы дайындау тұрғысынан қиындықтар орын алған жоқ па?

- Ол ойында да біз жеңіске жетуіміз қажет болған. Қазір қолда бар ұпайды бізге ешкім де оңайлықпен сыйлаған жоқ. Біз өз еңбегіміздің арқасында еншіледік. Сондықтан, ертеңгі басты тапсырама – жеңіске жету. Әрине, ол оңай болмасы анық. Себебі, «Астананың» Еуропа Лигасындағы тәжірибесі өте мол.

- Команда құрамында жас ойыншылар жетерлік. Олар ертең алаңға шығуға мүмкіндік ала ма?

- Олар қазіргі уақытта өздерін жақсы қырынан көрсетіп жатыр. Біз оларға толықтай сенім артамыз. Бұл жекелей ойыншылардың емес, команданың еңбегі деп білемін.

- «Астананың» деңгейін қалай бағалайсыз?

- Біз екі жыл бұрын «Қайратқа» қарсы ойнап, жеңіліп қалған болатынбыз. Сондықтан да қазақстандық клубтардың деңгейін өте жақсы білеміз. Ал «Астана» болса жақында ғана «Қайратты» жеңді. Олардың деңгейі жоғары. Алайда, осы жылдар аралығында АЗ өз деңгейін көтеріп алды. Біздің өзімізге деген сеніміміз өте жоғары. Алайда, нақты талдауды ойыннан кейін ғана айта аламыз.

- «Астана» жасанды алаңда өте жақсы ойнайды. Ал сіздер чемпионат аясындағы соңғы ойындарды сәтсіз өткіздіңіздер. Жасанды алаң қазақстандық командаға қол бола ма?

- «Астана» командасының жасанды алаңда ойнайтынын жақсы білеміз. Біз де осы бірнеше уақыт аралығында оған үйреніп қалдық. Кімнің мықты екендігін ертеңгі ойын көрсетеді.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер