Бокс

Абель Санчес: «Канело» Ковалевті соңғы раундтарда нокаутқа жібереді

Абель Санчес: «Канело» Ковалевті соңғы раундтарда нокаутқа жібереді
news-banner7
mobile-news-top

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес жақында өтетін Сауль Альварес - Сергей Ковалев жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

ESPN-ге берген сұқбатында Санчес Альварес Ковалевті соңғы раундтардың бірінде нокаутқа түсіруі мүмкін екенін айтты.

«Соңғы жекпе-жегінде Альварес өзінің басты ерекшелігі - корпусқа жақсы жұмыс істейтінін көрсетті. Ковалев ірі денелі әрі мықты. Ол джабпен жұмыс істеуге тырысады. Бірақ бұл тактикасы сәтті бола қоймайды. Дәл сол кезде Альварес қарсыласының денесінде соққы жаудырады. Менің ойымша, жетінші және оныншы раундтардың арасында «Канело» Ковалевті нокаутқа жібереді», - дейді Санчес.

Айта кетейік, 2 қарашада Альварес жартылай ауыр салмақтағы алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік боксшы WBO чемпионы Сергей Ковалев.

Жаңа бапкермен жаттыққан Головкин қалай өзгерді

Головкин: «Канело» үшінші жекпе-жектен бас тартты

Головкиннің көрікті жанкүйерлері

«Головкин мен «Канело» үшінші рет кездеседі»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер