Дорин Ротариу: Командалық ойын көрсетуге тиіспіз

Дорин Ротариу: Командалық ойын көрсетуге тиіспіз
news-banner7
mobile-news-top
Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы «АЗ Алкмаар» - «Астана» арасындағы кездесу алдында елорда командасының жартылай қорғаушысы Дорин Ротариудың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Біздің көңіл-күйіміз өте жақсы. Ең бастысы команда өзіне өте сенімді. Ертеңгі ойын біз үшін жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін.

- Сен осыған дейін "АЗ Алкмаар" сапында ойнаған едің. Ертеңгі ойын саған қосымша мотивация болады деп айта аласың ба?

- Мен үшін әр ойын маңызды. Біз бірінші кезекте командалық ойын көрсетіп, жақсы нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз.

- Қарсыластың артықшылығы мен осал тұстарын айта аласыз ба?

- АЗ өте жақсы команда. Олар ұзақ уақыттан бері бір-бірімен ойнап келе жатқандықтан, қарсыластың алаңдағы түсіністіктері жоғары деңгейде. Ертеңгі кездесуде біздің қорғаныс шебі жақсы ойын көрсетеді деген сенімдемін.

- Сіз тек жақсы жақтарына тоқталдыңыз... Осал тұсы бар ма?

- Оны ертеңгі кездесуде көреміз (күледі).

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер