Ауыр атлетика

Гүлнұр Ыбырай Азия чемпионатында қола медаль алды

news-banner7
mobile-news-top

Кореяның Пхеньян қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Гүлнұр Ыбырай қола жүлдегер атанды.

Ыбырай қоссайыстың қорытындысы бойынша 178 келіні бағындырды. Бұл салмақта 228 келіні көтерген жергілікті спортшы Иль Ген Ким топ жарды. Ал екінші орынды 180 келіні еңсерген қытайлық Тайпей өкілі иеленді.

Айта кетейік, Азия біріншілігінде Абылайхан Әуелханов пен Ақмолда Сайрамкез де қола медаль алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер