Басқа

Руслан Жапаров Қытайдағы әскерилер ойынының жеңімпазы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық таеквондошы Руслан Жапаров бүкіләлемдік әскерилер ойынының жеңімпазы атанды.

Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан додада Жапаров +87 келі салмақта бақ сынады. Ол Мысыр және Доминикан Республикасының спортшыларын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Ақтық сында Руслан ресейлік қарсыласын 10:8 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Айта кетелік, бұл жеңіс Руслан Жапаровтың таеквондодан Гран-при турнирінің финалындық кезеңіне қатысуға мүмкіндік береді. Ал екінші қазақстандық таеквондошы Айнагүл Батыр бірінші кездесуін сәтті өткізгенімен, қола жүлде үшін таласта Германия спортшысына 15:2 есебімен жол берді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер