Басқа

Динара Сәдуақасова рекорд орнатты

Динара Сәдуақасова рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Англияның Мэн аралында Grand Swiss халықаралық шахмат турнирі аяқталды. Бұл FIDE турнирлерінің ең ірі жарыстарының бірі. 11 турға созылатын ұзын қашықтықты жарыс.

Турнирге әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысты. Жарыстың деңгейін әлемдік деңгейдегі Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян және басқалар шахмат шылардың қатысуынан-ақ білуге болады. Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады.

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова турнирде сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасында ол үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1-2-ші орынды бөлісті.

- Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды! – дейді Динара. – Күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Бар күшімді салдым, дегенмен зор қашықтық қой. Менің барлық қарсыластарым әлемдік шахмат элитасы – "алты жүздіктер" тобындағы гроссмейстерлер болды. Бұл құрам мені қорқытқан жоқ, керісінше, өзімді тексеруге ниет тудырды.

Grand Swiss турнирінен кейін Динараның рейтингі 2505-ке жетті. Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-ші орында тұр. Бұл қазақстандық әйелдер шахматы үшін тарихи рекорд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер