Басқа

Қазақстандық әскерилердің командасы әлем кубогында қоян-қолтық күрестен қоланы иеленді

Қазақстандық әскерилердің командасы әлем кубогында қоян-қолтық күрестен қоланы иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Лейпциг қаласында қоян-қолтық күрестен әлем кубогы аяқталды. Халықаралық турнирде 26 команда және 200 астам спортшы қатысты.

Қазақстандық әскери спортшылар «Өзін-өзі қорғау» бойынша айрықша көзге түсті. Бірінші турда бірінші орынға ие болғандар Бауыржан Сыздықбаев (90 келі), екінші – Әділ Қайырбаев (80 келіге дейін) және Мақсат Бекмұханбетов (80 келіден аса), үшінші орынды Серік Қайнарбаев (90 келі) және Қанат Баймұрзин (80 келіден аса).

Екінші турда үштік көсбасшылардың ішінде қазақстандық қоян-қолтық күресшілер Жандос Асқарбекұлы (80 келі), Айбек Сәметаев (85 келі) және Жеңіс Ердаулет (90келіден аса), сонымен қатар Асхат Жылысбеков (60 келі), Нұртас Жұмағазыұлы және Ермек Керімшеев (90 келі) жеңіске жетті.

Қазақстан құрама командасы командалар арасындағы жалпы есепте үшінші орынға иеленіп, тек Ресей және Өзбекістан командаларына жол берді.

Түпнұсқасы: mod.gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер