Қысқы

Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты басталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ел чемпионатының қорытындысы бойынша алдағы маусымда бақ сынайтын спортшылар тізімі анықталмақ.

Бас бапкер Дмитрий Бабенко құраманың дайындығы мен алдағы жоспарлары туралы бөлісті.

«Қазақстан біріншілігі 25 қазанда аяқталады. Ал әлем кубогінің алғашқы кезеңіне қатысатын спортшылар ел чемпионатының қорытындысы бойынша таңдалады.

Құрама қатарына ену үшін спортшылардың аянып қалмайтыны анық. Әрине, алдын ала қандай да бір болжам айту қиын. Өйткені, мұз айдын сапасы күн сайын өзгеріп тұрады», - деді ол.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер