Бокс

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының поляк Камил Шереметамен алдағы жекпе-жегі туралы жүріп жатқан келісім жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Біз жекпе-жекті 29 ақпанда өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Шереметамен айқасқа түсуге Геннадий дайын. Қазіргі таңда келіссөздер жүріп жатыр», - деді Хирн.

Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті. Ал Альварес Геннадиймен шықпайтынын мәлімдеді. Дей тұрғанмен DAZN стримингтік қызметі 13 қазанда қос боксшының арасындағы кездесудің өтетінін хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер