Футбол

ҚР Ұлттық музейінде «Өнердегі доп» арт-көрмесі ашылады

ҚР Ұлттық музейінде «Өнердегі доп» арт-көрмесі ашылады
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылғы 24 қазанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде халықаралық «Өнердегі доп» арт-көрмесі салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды Prosports.kz, музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері үшін сағат 14.00-де ҚР Ұлттық музейінде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Көрме Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің және Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен өткізіледі. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин қатысады.

Жобаның ұйымдастырушылары халықаралық үкіметтік емес ұйымдар – Халықаралық қайырымдылық «Крафт-Павлов» заманауи өнерді қолдау қоры және Императорлық православиелік палестиналық қоғам.

Шара жер шарындағы миллиардтаған адамдар сүйіп қадірлейтін спорттық ұлы ойын футболдың жарқын әлеміне арналады. Футбол өнер ретінде әртүрлі ұлт, дін өкілдерін біріктіретін қандай да бір феномен және жасампаз күш ретінде таныстырылады және елдер мен халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға қызмет етеді.

Көрмеде ресейлік және шетелдік танымал суретшілердің футболдың жарқын әлеміне, оның гуманистік құндылықтарына арналған 100-ден астам туындылары ұсынылады. Экспозицияда Ресей, Жапония, Италия, Франция, АҚШ, Швейцария, Үндістан, Нидерланды, Бразилия және басқа да елдер суретшілерінің жұмыстары бар. Олардың арасында танымал қазақ суретшілерінің де туындылары да болмақ.

Көрменің ұйымдастырушылары қызығушылық білдірген барлық тұлғаларды серіктестік пен әріптестікке шақырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғысын білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер