Бокс

Мадияр Әшкеевтің қарсыласы ауысты

Мадияр Әшкеевтің қарсыласы ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің қарсыласы ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Әшкеев 10 қараша күні таңертең Гавайан Гарденсте (Калифорния, АҚШ) өтетін бокс кешінде америкалық боксшы Клеотис Пендарвиспен жұдырықтасуы керек еді. Әрі бұл жекпе-жекте WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы титулы сарапқа салынатын болған.

Бірақ BoxRec.com сайтынан Әшкеевтің қарсыласы ауысқанын білдік. Отандасымыз енді 30 жастағы Фернандо Кастанедамен жұдырықтасады. Өкініштісі, бұл жекпе-жек титулды емес.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде украиналық Игорь Фаниянды төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер