русский язык
Футбол

Шевченко Алматыда қолтаңба-сессиясын өткізеді

Шевченко Алматыда қолтаңба-сессиясын өткізеді

«Жұлдыздар кездесуіне» қатысатын «Алтын доп-2004» иегері Андрей Шевченко қолтаңба-сессиясын өткізеді, деп хабарлайды sk-sport.kz.

Әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызы 26 қыркүйек күні Алматыдағы Nike компаниясының жаңа концептуалдық дүкенінде жанкүйерлерімен кездесу өткізбек. Аталмыш кездесуге келген әр қонақ Андрейдің қолтаңбасын алып, аты аңызға айналған футболшымен суретке түсу мүмкіндігіне ие болады.

Кездесу 26-қыркүйек күні 10:40-11:30 сағат аралығында «Dostyk Plaza» сауда орталығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;