Әлем футболы

France Football «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлердің екінші ондығын жариялады

France Football «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлердің екінші ондығын жариялады
news-banner7
mobile-news-top

France Football басылымы үздік футболшыға берілетін жүлдеге үміткерлердің тағы бір ондығын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үміткерлер Криштиану Роналду («Ювентус»), Алиссон Беккер («Ливерпуль»), Матейс де Лигт («Ювентус»), Карим Бензема («Реал»), Жоржиньо Вейналдум («Ливерпуль»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»), Сон Хын-Мин («Тоттенхэм»), Роберт Левандовски («Бавария») және Роберто Фирмино («Ливерпуль»).

Айта кетелік, осы тізімдегі 34 жастағы Роналду өз мәнсабында «Алтын доп» жүлдесіне 16-нші рет үміткер атанып отыр. Португалиялық аталмыш жүлдені бес рет: 2008, 2013, 2014, 2016 және 2017 жылдары жеңіп алды.

Бұдан бұран үміткерлердің алғашқы ондығы жарияланған болатын. Олар:

Садио Мане («Ливерпуль»), Френки де Йонг («Барселона»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити»), Уго Льорис («Тоттенхэм»), Душан Тадич («Аякс»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Трент Александер-Арнолд («Ливерпуль»), Донни ван де Бек («Аякс»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал») Марк-Андре Тер-Штеген («Барселона»).

Басылым алдағы уақытта тағы он футболшының есімін тізімге кіргізеді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер