Теннис

Дэвис кубогы: Қазақстан Ұлыбритания және Нидерландпен ойнайды

Дэвис кубогы: Қазақстан Ұлыбритания және Нидерландпен ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

18-24 қараша аралығында Испания астанасы Мадридте 2019 жылғы Дэвис кубогының финалдық ойындары жаңа жүйе бойынша өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы Е тобында Ұлыбритания және Нидерланд құрамаларымен ойнайтын болады.

Мықты командалардың көбі құрамдарын жариялап та үлгерді, Рафаэль Надаль Испанияны бастап шықса, Новак Джокович Сербия құрамасында бар, ал Гаэль Монфис Франция командасын толықтыратыны белгілі болды.

Турнир фавориттері саналатын құрамалар тізімі:

Испания: Рафаэль Надаль, Роберто Баутиста-Агут, Фелисиано Лопес, Пабло Карреньо-Буста, Марсель Гранольерс.

Сербия: Новак Джокович, Душан Лайович, Филип Крайинович, Янко Типсаревич, Виктор Троицки.

Франция: Гаэль Монфис, Бенуа Пэр, Жо-Вилфрид Цонга, Пьер-Юг Эрбер, Николя Маю.

Айта кетелік, 18 ұжым топтық кезеңде үш-үштен 6 топқа бөлінген. Ширек финалға әр топтың үздік командасы мен жақсы нәтиже көрсетіп, екінші орын алған екі мықты команда шығады.

Қазақстан құрамасы Е тобында Ұлыбритания және Нидерланд құрамаларымен ойнайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер