Гаджиев: МакГрегор Мәскеуге бекер келмейді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызFight Nights Global ұйымының басшысы Камил Гаджиев Мәскеуде Конор МакГрегордың қатысуымен өтетін алдағы баспасөз мәслихаты туралы айтты, деп жазады Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Ирландиялық жекпе-жек шебері Ресейге бейсенбі күні келмек.
«Арандату сөзін қолданғым келмейді Бұл Хабиб пен Конордың Мәскеуде өтетін кездесуін барынша танытып, жарнамалау дегім келеді. Ұйымның осынау жекпе-жекті ұйымдастырудағы алғашқы қадамы», деді Гаджиев
Айта кетелік, Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы алғашқы кездесу 2018 жылдың қазанында өткен болатын. Сол айқастың 4-раундында ресейлік спортшы қарсыласын мерзімінен ерте нокаутпен жеңген еді. Қарымта жекпе-жек туралы қауесеттер көбейгенімен, Хабибтың зауқы соқпайтын көрінеді.