ММА

Зубайра Тухугов: Дамир Исмағұловпен төбелесуге UFC-ден ұсыныс болмады

Зубайра Тухугов: Дамир Исмағұловпен төбелесуге UFC-ден ұсыныс болмады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік балуан Зубайра Тухугов UFC 242 аясында Дамир Исмағұловпен жекпе-жек не үшін өтпегенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Дамир мені жекпе-жекке шақырғанымен, UFC тарапынан ешқандай белгі болмады. Егер олар Дамирге қарсы жекпе-жек өткізуге ұсыныс тастаса, мен қарсы болмас едім. Өкінішке орай, кіммен, қайда төбелесетінімізді біз шешпейміз. Тек өтініш-тілектерімізді ғана айта аламыз, ал нақты шешімді UFC жасайды», - деді Тухугов Загорскийге берген сұқбатында.

Айта кетейік, Тухугов UFC 242 турнирі аясында британиялық Лерон Мерфимен кездесті. Жекпе-жек тең аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер