Басқа

Өкінішке қарай. Батырбек Есдәулетов қазақстандық таэквондошыларды бағалады

Өкінішке қарай. Батырбек Есдәулетов қазақстандық таэквондошыларды бағалады
news-banner7
mobile-news-top

Демалыс күндері Болгарияның София қаласында таеквондодан G4 санатындағы Гран-при турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасының мүшелері аталған жарыстан жүлде алған жоқ. Команда сапынан үздік нәтиже көрсеткен Смайыл Дүйсебай ғана. Ол ширек финалда ұтылды. Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, Софиядағы турнирді қорытындылады. Сондай-ақ, таеквондошылардың Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін бағалады.

"Өкінішке қарай, Софиядағы Гран-при турнирінде таеквондошыларымыз жеңіс тұғырынан көріне алмады. Смайыл Дүйсебай ғана алысқа шапты. Жартылай финал жолдамасын сарапқа салған жекпе-жекте 2:4 есебімен Оңтүстік Корея спортшысынан ұтылды. Руслан Жапаров пен Нұрлан Мырзабаев бірінші айналымда, Жансель Дениз екінші айналымда жеңіліс тапты. Таеквондо спортында ай сайын олимпиадалық және әлемдік рейтинг жаңартылып тұрады.

Әзірге, Токио Олимпиадасына тікелей жолдама алатын мүмкіндік Смайыл Дүйсебайда ғана сақталып тұр. 2020 жылғы төртжылдық додасына лицензия алу үшін Смайыл Қытайдың Уси қаласында өтетін Гран-при турнирінің финалында кем дегенде жартылай финалға жетуі тиіс. Таеквондодан Гран-при бәсекесінің финалдық кезеңіне бізден Жансель Дениз бен Смайыл Дүйсебай қатысады.

Ал Руслан Жапаров әскерилер ойынында бақ сынайды. Қытайдағы финалдық турнирге жолдама алу үшін Жапаров әскерилер додасында финалға шығуы қажет. Бүгінде Руслан олимпиадалық рейтингте 19-шы орында тұр. Сәуір айында Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Сол бәсекеге кімдердің баратынын әлі ойластырамыз", - дейді бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер