ММА

Багаутинов: Мен жеңілген жоқпын

Багаутинов: Мен жеңілген жоқпын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Жалғас Жұмағұловтан жеңілген «Панчер» төрешілердің жұмысын сынап тастады, деп хабарлайды Prosports.kz спортшының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Достар, эмоцияны кейінге ысырып қарасақ, еншімізде не қалды? Мен төрешілер шешімімен әсте келіспеймін, Абдулманап та, ММА спортын аздап қана білетін кез келген біреуді алсақ та келісе қоймас. Не болса да, маған бір қайырлысы бар шығар. Әркім өзінің шынайы бет-бейнесін көрсетті, бірақ өмір осымен тоқтап қалмайды, алда қызықты жоспарларым да жоқ емес.

Жалғасқа ешқандай өкпем жоқ, оның еш кінәсі де жоқ. Мен тек төрешілердің жұмысына разы емеспін – олар өзінің сауатсыздығын көрсетті және ұйымға да айтар базынам бар. Алда бірқатар маңызды мәселелерді шешу керек. Мәселенің басын ашып алу керек! Бәріңе, Салам алейкум! Келесі кездескенше», деп жазды Багаутинов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер