Хоккей

Видео. «Барыс» өз алаңында «Витязь» клубын жеңді

Видео. «Барыс» өз алаңында «Витязь» клубын жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Витязь» клубын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Астаналық клуб овертаймда 3:2 (1:1, 1:0, 0:1) есебімен жеңіске жетті. Дастин Бойд дубль жасады.

Аталмыш жеңісінен кейін «Барыс» жалпы турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ал батыс конференциясында олар үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін елордада «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен кездессе, одан кейін Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), «Ак Барс» (Қазан) командаларымен шеберлік байқасады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер