Азиада-2014. Баскетбол. Қазақстан құрамасы үндістандықтардан жеңіліп қалды
![Азиада-2014. Баскетбол. Қазақстан құрамасы үндістандықтардан жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1411384247_625307374.png?v=28705338)
Инчхонда іріктеу турнирінің соңғы матчында баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Үндістанға жол берді.
Үндістандықтар матч бойы ойынды бақылауда ұстап, 80:61 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жеңілісіне қарамастан, қазақстандық команда В тобында екінші орын алып, сайыстың келесі кезеңіне өтті.
Қазақстан – Үндістан 61:80 (14:24, 17:23, 19:22, 11:11)
Қазақстан: Пономарев (16), Климов (15), Колесников (12), Ильин (7), Гаврилов (7), Лапченко (4).