ММА

Жұмағұлов — Багаутинов кездесуінің соңы жаппай төбелеске ұласты

Жұмағұлов — Багаутинов кездесуінің соңы жаппай төбелеске ұласты
news-banner7
mobile-news-top

Сочи қаласында өткен Fight Nights Global турнирі төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кештің басты жекпе-жегінде Жалғас Жұмағұлов ресейлік Али Багаутдиновпен жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық файтер бес раунд қорытындысы бойынша қарсыласын төрешілердің бөлек шешімімен ұтып, ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Sport24 порталының журналисі Ярослав Степанов хабарлағандай, ресейлік спортшының тарапы төрешілердің шешіміне шағымданған. Осы жағдайдан кейін қос команда өкілдерінің арасында жаппай төбелес басталып кеткен.

Айта кетейік, қазақстандық файтер бұған дейін 13 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Ал Багаутинов жетінші жеңілісін бастан өткерді, ол 19 рет жеңіске жеткен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер