Азиада. Ауыр Атлетика. Сәдуақасова сегізінші орын алды
![Азиада. Ауыр Атлетика. Сәдуақасова сегізінші орын алды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1411382606_826812074.jpg?v=28706431)
Бүгін Инчхон қаласындағы Азия ойындарында ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы 58-келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды.
Қазақстандық ауыр атлетші Сәуле Сәдуақасова қоссайыс бойынша 180 (80+100) келі көтеріп, сегізінші орында тұрақтады.
Алтын медальді Солтүстік Кореялық спортшы Ри Джонгхва ұтты, ол қоссайыс бойынша 236 (102+134) келі көтерген болатын. Қытайлық Ван Шуай 235 (109+126 келі) екінші орын алса, үздік үштікті Тайландтық Раттикан Гулной 222 (98+124 келі) қорытындылады.