русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші қыздар Азиаданың 1/2 финалына шықты

Қазақстандық теннисші қыздар Азиаданың 1/2 финалына шықты

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Инчхондағы Азия ойындарында командалық турнирдің жартылай финалына өтті.

Үндістан құрамасына қарсы кездесуде Пратана Гулабаро Томбаремен кортта түйіскен Юлия Путинцева қиындықсыз жеңіске жетті – 6:3, 6:2. Ал Ярослава Шведоваға қарсыласын тізе бүктіру қиынға соқты, алайда Анкита Райна қазақстандыққа жол берді  – 7:5, 7:6 (7:3).

Жұптық матчта Юлия Путинцева мен Кәмила Керімбаеваның Ришик Сункара және Наташа Мари Анна Пала дуэтіне қарсы кездесуі ерте аяқталды. Бірінші сетте үндістандықтардың пайдасына 3:2  есебі тіркелген сәтте қазақстандықтар сапындағы спортшылардың бірі денсаулығына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;