Дзюдо

Қазақ дзюдошысы: Маған биылғы жыл сәтсіз болды

Қазақ дзюдошысы: Маған биылғы жыл сәтсіз болды
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Дидар Хамза Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне дайындалып жұр, деп жазады Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитеті ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, аталмыш сында жүлдеге ілігу - басты мақсаттардың бірі.

«Қазір АІВА академиясының спорт базасында жаттығу жасап жүрміз. Алдағы Grand Slam бәсекесінде жеңімпаздар мен жүлдегерге қомақты рейтингілік ұпайлап қосылады. Сол себепті, қызу дайындық өткізу керек. Дәл қазір рейтингте 16-шы орындамын. Мақсатым – Олимпиадаға дейін үздік сегіздікке ену. Биыл мен үшін сәтті жыл болды деп айта алмаймын. Әлем чемпионатынан бөлек, басқа Гран-при, Grand Slam сынды жарыстарда жүлдеден тыс қалдым. Енді алдағы турнирлерде барымды салып, жақсы нәтижеге қол жеткізгім келеді», - дейді Дидар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер